Димитар Димитров: «Атырауды» жеңе алмағанымызға сене алмай тұрмын

Димитар Димитров: «Атырауды» жеңе алмағанымызға сене алмай тұрмын

«Ертіс » ФК-ның бас бапкері Димитар Димитров «Атырауға» (1:1) қарсы ойын жайлы пікірін білдірді. Бұл туралы павлодарлық клубтың баспасөз-қызметі хабарлады.

«Бүгін атыраулықтар жартылай мүмкіндіктен гол салып кетті, ал бізде бірінші де, екінші таймда да 3-4 таза мүмкіндік болды. Бірақ бұл ақталу емес, себебі біз əр ойын сайын гол өткіземіз. Бұл – қорғаныс шебіндегі үлкен проблема. Меніңше, біз үйдегі ойынға қарағанда сырт алаңда жақсы өнер көрсетеміз. Өйткені бізде жылдамдықта, қорғаныста, тартыста қиындықтар бар, жоғары прессинг жасағанда оның бəрі көрініп тұрады. Ұялып əрі өкініп тұрмын, не айтайын... Бұл матчта жеңе алмағанымызға сене алар емеспін», - деді Димитров.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или