Андрей Ярмоленко басқа клубқа ауысқысы келеді
Украиналық «Динамо» клубының ойыншысы Андрей Ярмоленко қазіргі командасының кетуге қарсы еместігін жеткізді.
«Егер басқа клубқа ауысуға мүмкіндік болса, қуана келісер едім. Ал ондай мүмкіндік болмаса «Динамода» қала беремін. Менің ойымша команда президенті Игор Суркис екеуміздің ара қатнасымыз жаман емес. Егер ол мені командада қалдырғысы келсе ол оның шешімі. Мен оған өкпелемеймін. Солай болуы керек шығар. Мен ештеңеге өкінбеймін», - дейді Андрей Ярмоленко.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или