«Ақжайық» «Астанадан» ұтылды

«Ақжайық» «Астанадан» ұтылды

ҚПЛ-ның 13-ші тур аясында оралдық «Ақжайық» клубы ел чемпионы «Астананы» қабылдады.

Елордалық клуб бірінші таймнан бастап қарсыласын қыспаққа алды. Алайда Станимир Стойлов шәкірттері алғашқы таймда гол соға алмады.

Екінші таймда «Астана» клубы фаворит статусын дәлелдеп, Маевскийдің көмегімен есепте алға шықты. Кездесудің 69-шы минутында «Ақжайық» командасының ойыншысы Николич алаңнан қуылды. Нәтижесінде, көпшілікті дұрыс пайдаланған астаналықтар кездесу тағдырын шешіп тастады. Голдың авторы  Роман Муртазаев.

«Ақжайық»: Төлебаев, Говедарица, Коронель, Ортиз, Николич, Одибе, Изу, Перцух, Шабаев, Шмидт, Омаров, Сергиенко

Қосалқы құрам: Зулфикар, Ерсәлімов, Макаев, Тапалов, Валиуллин, Антипов, Рубио Костнер, Аренас, Котляр

«Астана»: Мокин, Шитов, Маевский, Твумаси, Кабананга, Граховац, Шомко, Логвиненко, Бейсебеков, Постников, Муртазаев

Қосалқы құрам: Мұжықов, Жалмұқан, Ллуллаку, Аничич, Эрич

Голдар: Маевский, Муртазаев

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или