«Ордабасы» өз алаңында «Ақтөбеден» басым түсті

«Ордабасы» өз алаңында «Ақтөбеден» басым түсті

«Ордабасы» ел біріншілігінің аясында «Ақтөбені» Шымкентте қабылдады.

Шымкенттік ұжым бұл кездесудің фавориті саналған. Команда бірден алға ұмтылып, сол статусын дәлелдеді. Бірінші кезең бойы шымкенттіктер шабуылдаумен болды. 31-ші минутта Тұңғышбаев есеп ашты. Араға 8 минут салып Нөсербаев есеп айырмасын ұлғайтып кетті.

Екінші кезеңде шабуыл сәл бәсеңдеді. Қонақтар қанша ұмтылғанымен, ойын есебі өзгеріссіз қалды. Ақтөбеліктердің шабуылы нәтижесіз аяқталғанымен қоймай, бір ойыншысынан айырылып та қалды. Бағдат Қайыров қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. 74-ші минутта Мардан Төлебек екінші сары қағазын алып, ол да бұл ойынға қатысу мүмкіндігінен айырылды. Ойын соңында Мамуте бір гол соғып, есеп айырмасын қысқартқан болатын. Бірақ бұл да ақтөбелік команданың ұпай алуына мүмкіндік бермеді. Қорытынды есеп - 2:1.

ҚПЛ. 13-тур. Шымкент

«Ордабасы» - «Ақтөбе» - 2:0

Голдар: Тұңғышбаев 31, Нөсербаев 39 - Мамуте 90+3

Алаңнан қуылды: Бағдат Қайыров, Мардан Төлебек

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или