«Қайрат» ірі есеппен жеңіске жетті

 «Қайрат» ірі есеппен жеңіске жетті

Бүгін, 20-шы мамырда, ҚПЛ-дың 13-ші туры аясында «Қайрат» өз алаңында көкшетаулық «Таразды» қабылдады.

Алаң иелері  алғашқы минуттардан басымдық танытты. Алғашқы он минуттықта қақпаға бірнеше тура соққы бағыттаған болатын. Бабаханов өз қақпасын аман сақтап қала алды. Одан кейін Гоу да бірнеше мәрте шабуылды нәтижелі аяқтай алмады. Бірінші таймда есеп ашылмады – 0:0.

Екінші таймда Цхададзе Бақаевтің орнына Тұрысбекті алаңға шығарды. Жаттықтырушының бұл шешімі команданың нәтижесіне оң әсерін тигізді. 55-ші минутта Бауыржан Тұрысбек есеп ашып, алматылықтарды алға шығарды. Екі минут өткеннен кейін сұрмерген Жерар Гоу есепті еселей түсті.  79-шы минутта Исаэль тағы бір гол соғып, жеңіске бір қадам жақын қалды.  88-ші минутта қонақтар айып алаңында ереже бұзып, Исламхан есепті  4:0-ге жеткізді.

ҚПЛ. 13-тур. «Орталық» стадион

«Қайрат» - «Тараз» - 4:0

Голдар: Тұрысбек 55, Гоу 57, Исаэль 79, Исламхан  88 (пенальтиден)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или