«Тобыл» қарсылас қақпасына 5 гол соқты
Бүгін, 20-шы мамырда, ҚПЛ-дың 13-ші туры аясында «Тобыл» өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпесті» қабылдады.
Алаң иелері алғашқы минуттардан басымдық танытты. «Оқжетпес» қорғаныстан ойнап, қарымта шабуылға ден қойды. 35-ші минутта Сартаков есеп ашып, қостанайлықтарды алға шығарды. 40-шы минутта шабуылшы Щеткин қақпашыны алдап өтіп, есепті 2:0-ге жеткізді. Бірінші таймда көкшетаулықтар гол соға алмады.
Екінші таймда да қонақтар тарапынан айтарлықтай қауіпті шабуыл болмады. Алаң иелері ойынды өз бақылауында ұстап, қажет кезде пас алмасып, қарқынын біршама азайтты. 60-шы минутта Щеткин оң қапталда бәрін алдап өтіп, ашық қақпаға Деспотовичке пас шығарды. Сербиялық өз кезегінде допты қақпада тулатты. Есеп – 3:0. Қосалқы уақытта Хорват есеп айырмасын қысқарта алды. Бірақ бұл ақтық нәтижеге әсер ете алмады. Бір минут өтпестен Жалилов қарымта гол соқты. 90+7 минутта Куксин өз айып алаңында ереже бұзып, Щеткин пенальтиден ойынның нүктесін қойды. Қостанайлық клуб кезекті үш ұпайын еншіледі.
«Тобыл» - «Оқжетпес» - 3:0
Голдар: Сартаков 35, Щеткин 41, Деспотович 60, Жалилов 90+2, Щеткин 90+7 (пенальтиден) - Хорват 90+2
Алаңнан қуылды: Малый, Куксин