«Реал» чемпион атанса «Малага» миллион еуро табыс табады
«Реал» чемпион атанса «Малага» футбол клубына миллион еуро береді, деп хабарлайды Sport English.
Мадридтік команданың жартылай қорғаушысы Исконың келісім шартында «Реал» бес жылдың ішінде чемпион атанса бұрынғы клубы «Малагаға» миллион еуро төлеу керектігі жазылған.
Айта кетейік, Испания чемпионатының соңғы турында дәл осы «Реал» мен «Малага» клубы кездеседі. Зинеддин Зидан баптайтын командаға тең ойнаса да чемпион атануға жеткілікті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или