Жалғас Жұмағұлов чемпиондық жекпе-жекте жеңіліп қалды.Видео
Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан аралас жекпе жектен Fight Nights Global 65 турнирінің басты кездесуінде Жалғас Жұмағұлов пен ресейлік Вартан Асатрян кездесті.
Ресейлік Fight Nights компаниясы Қазақстанда алғаш рет турнир ұйымдастырған болатын. Турнирдің басты жекпе-жегі бес минуттан бес раундқа жоспарланған. Бұған дейін қос спортшы бір рет кездесіп жеңіске Вартан Асатрян жеткен болатын. Ал бүгінгі кездесуде чемпиондық белбеу сарапқа салынды.
Жекпе жек тең жағдайда өтті. Қос қарсылас та алғашқы минуттан кездесу тізгінін қолға алғысы келгендігі байқалды.
Екі спортшы да кездесу соңына қарай шаршап қалды. Соңғы раундта төбелескеннен көрік екеуінің құшақтасып жүрген кездері көп болды. Тең дәрежеде өткен жекпе-жектің жеңімпазын анықтау төрешілерге де оңайға түскен жоқ. Үш төрешінің екеуі Вартан Асатрянды жеңімпаз деп тапты. Осылайша Жалғас Жұмағұлов ресейлік Вартан Асатрянға жол берді.
