«Реал» Ла Лигада көш бастады
Мадридтік «Реал» Испания чемпионатының 21-турдағы кейінге шегерілген матчта «Сельтаға» қонаққа барды.
Корольдік клуб ойынның басында Криштиану Роналдудың дәл соққысымен алға шыққан. Үзілістен кейін Роналду, Карим Бензема, Тони Кроос бір голдан соғып шықты. Ал алаң иелері бұған бір голмен ғана жауап қата алды. Қорытынды есеп – 4:1.
Осы жеңістің арқасында мадридтік ұжым Ла Лигада 90 ұпаймен көш бастады. «Реалға» чемпион атану үшін енді соңғы турда «Малагамен» тең түсу жеткілікті. Ал «Сельта» болса, 44 ұпаймен 13-ші орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или