Таэквондошы Айнұр Есбергенова Исламиада «күмісін» еншіледі
Бакуде өтіп жатқан IV Ислам ынтымақтастық ойындарында қазақстандық таэквондошы Айнұр Есбергенова 49 келіге дейінгі салмақта күміс жүлде еншіледі.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, ақтық сында Айнұр әзербайжандық спортшыға есе жіберді.
Еске сала кетейік, 2017 жылдың 12-22 мамыры аралығында Бакуде IV Ислам ынтымақтастық ойындары өтіп жатыр. Оған 54 елден 3500 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 5 спорт түрінен 32 спортшы қорғауда. Олар: бокс, дзюдо, таеквондо WTF, еркін және әйелдер күресі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или