«Ақтөбе» өз алаңында алғаш рет жеңді

«Ақтөбе» өз алаңында алғаш рет жеңді

Футболдан ел чемпионатының 7-тур матчында «Ақтөбе» өз алаңында «Атырауды» қабылдады. <br />Турнир кестесінде 12-ші орында тұрған ақтөбеліктер соңғы матчтарда жеңілістің не екенін білмейтін «мұнайшылармен» кездескен.

«Атырау» ақтөбелік ұжымды ел кубогынан ұшырып жіберген болатын. Сондықтан «ақ-қызыл түстілер» бүгін сол есені қайтаруға тырысты.<br />Бірінші таймда доп ақтөбелік футболшылардың еншісінде болды. Алайда «мұнайшыларың» сауатты қорғанысы үзіліске дейін есепті аштырған жоқ.

Екінші таймда да сол «сценарий» жалғасты. Атыраулықтар арасында қарымта шабуылға шығып тұрғаны болмаса, доп алаң иелерінде болды.

Бірақ таймның ортасында ақтөбеліктердің ойынын жүргізіп жатқан Жуниньо жарақат алып, алаң иелерінің шабуылы азайды.

Ойынның 79-минутында бас қазы қонақтар он бір метрлік айып соққысын белгіледі. Нүктеге келген Юри Мамуте пенальтиді дәл орындады.

Қорытынды есеп - 1:0, «Ақтөбе» өз алаңында жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или