Дирк Кайт спорттық мансабын аяқтады

Дирк Кайт спорттық мансабын аяқтады

«Фейеноорд» шабуылшысы Дирк Кайт спорттық мансабын аяқтау туралы шешімге келді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда ойыншы осы аптаның соңына дейін жаттығуын жалғастырады. Апта соңында клубта басқа қызметке ауысады.

36 жасар шабуылшы 19 жыл кәсіпқой деңгейде футбол ойнады. 782 ойынға қатысып 281 гол соқты. «Утрехт», «Фейеноорд», «Ливерпуль» және «Фенербахче» командалары қатарында тер төкті.

Өткен демалыс күні өткен ойында үш гол соғып «Фейеноорд» командасына соңғы 18 жылдаға алғаш чемпиондық атаққа қол жеткізуіне үлес қосты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или