Хамес Родригес МЮ-ге ауысуы мүмкін

Хамес Родригес МЮ-ге ауысуы мүмкін

«Реалдың» колумбиялық жартылай қорғаушысы Хамес Родригес мансабын «Манчестер Юнайтедте» жалғастыруы ықтимал.

Daily Express басылымының мәліметтеріне сүйенсек, ол үшін манчестерлік ұжым Чемпиондар лигасына жолдама алуы тиіс. 

Естеріңізге сала кетсек, «қызыл сойқандар» Еуропа лигасының финалында <span>«</span>Аякспен<span>»</span> күш сынасады. Егерде Моуриньоның командасы жеңіске жетсе, онда МЮ келесі маусымда Чемпиондар лигасында ойнайды.

Айта кетер жайт, Хамес Родригес мадридтік ұжымда алаңға сирек шығуына байланысты жазда жұмыс орнын ауыстырмақшы. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или