Стефано Пиоли «Фиорентина» бапкері атануы мүмкін

Стефано Пиоли «Фиорентина» бапкері атануы мүмкін

Стефано Пиоли «Фиорентина» бапкері атануға жақын, деп хабарлайды La Nazione.

Басылымның хабарлауынша 51 жасар маман көмекшілерін де таңдап қойған. Олар команданың тактикасына жауап беретін Джакомо Мурелли мен Давид Лукарелли.

«Фиорентина» клубы қатарында 1989-1995-шы жылдар аралығында доп тепкен Стефано Пиоли командамен екі жылға келісімге келмекші.

Естеріңізге салсақ, Стефано Пиолидің соңғы командасы миландық «Интер» клубы болатын. Ол жақтан Пиоли екі апта бұрын жұмысынан қуылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или