«Барселонаның» келесі бапкерінің есімі белгілі болды
Қазіргі «Атлетик» бапкері Эрнесто Вальверде жаңа маусымда «Барселона» тізгінін ұстайды, деп хабарлайды RAC1.
Бапкер каталондық клубпен екі жылға келісім шартқа отыратын көрінеді.
Естеріңізге салсақ, Эрнесто Вальверде «Атлетик» клубында 2013-ші жылдан бері жұмыс жасап келеді.
«Барселона» бапкері Луис Энрике командадан кететінін наурыздың басында хабарлаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или