Марадона: Маған қазақстандық клубтардан ұсыныс түсті
Аты аңызға айналған аргентиналық футболшы Диего Марадона қазақстандық клубтардан ұсыныс түскені жайлы айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Марадона 7-ші мамырда мамырда Біріккен Араб Әмірлігінің біріншілігінде ойнайтын «Əл Фулжайра» клубының бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды. Жаңа бапкерді таныстырылды кезінде маман өзіне Ресей жəне Қазақстан чемпионаттарына ұсыныс түскені жайлы айтқан.
- Мен футболды және жанкүйерлерге толы стадиондарды сағындым. Футболды теледидардан көріп отырмай, оның ішінде болғым келеді. Бұл клубқа келгенге дейін маған бірнеше ұсыныс түсті. Оның ішінде Қазақстан және Ресей біріншілігінде ойнайтын клубтар бар. Агентім маған оңтайлы шешім қабылдады - деп оның сөзін The National басылымы келтірді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или