Ардагерлер футбол лигасының жетінші кезеңі өз мәресіне жетті

Ардагерлер футбол лигасының жетінші кезеңі өз мәресіне жетті

Бүгін Алматыда ардагерлер арасында футбол лигасының жетінші кезеңі аяқталды.

ҚазҰАУ стадионының футбол алаңы 40 жастан жоғары футбол әуесқойларының басын қосты. Жалпы, жарысқа 10 команда, 300 ардагер қатысты.

Қатысушылардың айтуынша, оларды спортқа, футболға деген махаббат біріктіреді. Сондай-ақ, достарымен кездесіп, жақсы уақыт өткізуге мүмкіндік алады.

- Ардагерлермен жиі жиналып, футбол ойнаймыз, керемет көңіл-күй аламыз. Әдемі кездесулер, жақсы қарым-қатынасты бізге осы турнир сыйлайды. Біз бүгін 2:0 есеппен жеңіске жеттік. Ойын қиын берілді, оның үстіне өте ыстық болды. Қарсыластарымыз мықты команда, соңына дейін берілмей ойнады. Сондықтан, жеңіс оңай берілген жоқ. Мұндай спорттық шаралар ардагерлерді қолдап, оларға мереке сыйлайды, - деп жарыс қатысушысы Сергей Жунека өз ойымен бөлісті.
Футбол әуесқойлары бір дауыстан, футбол – олар үшін өмір мәні екенін атап өтті. Сонымен қатар, бұл турнир ардагерлерді психологиялық және моральдық тұрғыдан қолдайтынын да айтты.

Жанболат Атанов, ардагерлер арасында футбол лигасының президенті:

- Бұл футбол лигасында 10 команда ойнайды, олар бұрынғы кәсіпқой футболшылар, ардагерлер, сондай-ақ, футбол әуесқойлары. Біздің чемпионат жыл сайын өткізіледі. Ал демалыс күндері, чемпионат кезеңдерінде және «В» лигалары кездеседі.«А» лигасы сенбі күндері ойнаса, «В» лигасы жексенбі сайын жиналады. Әр лига 10 командадан, яғни 300 қатысушыдан тұрады. Жоспарда, басқа қаларға барып, республикалық жарыстарда бақ сынамақпыз.
Айта кетсек, екі кезеңнен кейін бірінші айналым аяқталады, демалыстан соң шілденің бірі күні екінші айналым басталады. Чемпиондар қыркүйекте белгілі болады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдермен және дипломдармен марапатталатын болады.

Назарларыңызға бүгінгі күннің нәтижесін ұсынамыз:

Алма-ата – Анадола – 1:0
Достар – Номад – 1:1
Каскелен-Легион – 2:2
Таймас – Локомотив – 0:3
Арлан – Тенгиз – 5:0

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или