«Атырау» «Ордабасымен» тең түсті
ҚПЛ-ның 12-ші турында бес ойын қатарынан жеңіске жеткен «Атырау» клубы шымкенттік «Ордабасымен» күш сынасты.
Кездесудің бірінші таймында «Ордабасы» клубының ойыншысы Азат Нұрғалиев командасын алға шығарды. Голдан кейін «Ордбасы» футболшылары босаңсып, қарсыласының шабуылдарынан көз жаза бастады. Алайда қос команда да үзіліске голсыз кетті.
Екінші таймда футбол заңдылығы орнап, алаң қожайындары қонақтардың босаңсуын кешірмеді. Голды атыраулық клубтың ойыншысы Абдрахманов соқты. Тіпті екніші таймның ортасында «Атырау» командасы қарсылас қақпасына екінші гол соқты. Бұл жолы көзге Саломов түсті. Ойын соңында шымкенттік команда ес жиып, шабуылға бар күшін салды. Намысты Азат Нұрғалиев «Атырау» қақпасына екінші голын соғып, қонақтарды жеңілістен сақтап қалды.
«Атырау» - «Одабасы» 2:2 (0:1)
Голдар: Абдрахманов, Саломов – Нұрғалиев (14,85)