«Тараз» он адаммен «Қайсарды» ұтты
ҚПЛ-ның 12-ші турында «Тараз» қызылордалық «Қайсармен» күш сынасты. Кездесудің фавориті «Қайсар» жеңісті қолдан беріп қойды.
Бірінші таймда қарсыластар тең ойын көрсетті. Алайда «Қайсардың» капитаны Мақсат Байжанов бірінші таймның соңында командасын алға шығарды.
Айта кететін жайт, кездесудің 60-шы минутында Горбанец қызыл қағаз алып, «Тараз» командасын он адаммен қалдырды. Екінші таймда тараздық клуб аз адаммен ойнауына қарамастан шабуылын күшейтті. Нәтижесінде команданың гвинейялық легионері Диарра есепті теңестірді. Голдан кейін өз күшіне сенген тараздықтыр қарсылас қақпасына екінші голды соқты. Голдың авторы Абзал Таубай.
Ойын соңында «Қайсар» клубы барлық күшін шабуылға жұмсады. Алайда алаң қожайындары жігерлік танытып, жеңісті он адаммен ұстап қалды.
«Тараз» - «Қайсар» 2:1 (0:1)
Голдар: Диарра, Таубай - Байжанов