«Астана» «Ертістен» басым түсті
Бүгін ҚПЛ-ның 12-ші турында «Астана» өз алаңында павлодарлық «Ертіс» клубымен күш сынасты.
Станимир Стойлов шәкірттері ойынның басынан басымдығын айқындап, қарсыласын қыспаққа алды. Кездесудегі алғашқы гол да көп күттірмеді. Ойынның 13-ші минутында Роман Муртазаев астаналық клубты алға шығарды. Ал кездесудің соңында сол Муртазаевтың орнына кірген Дидар Жалмұқан есепті еселеп, «Астананың» бүгінгі жеңісін бекітті.
«Астана» - «Ертіс» 2:0 (1:0)
Голдар: Муртазаев (13), Жалмұқан (79)
Ескертулер: Шомко – Калинин, Фофана
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или