Владимир Мұқанов: «2:0 есебімен жеңіп тұрып, жеңіліп қалғанымыз өкіншті»
«Оқжетпестің» бас бапкері «Қайратқа» қарсы матч жайлы пікірін айтты.
- Допқа басымдықты әдейі беріп қойдық, себебі қорғанысқа көп көңіл бөлдік. Олар алғашқы 20 минуттықты өте жойқын бастайтынын білдік, бірақ анау айтарлықтай айқын мүмкіндіктер болмады. Біз қарымта шабуылдарға иек арттық, арасында комбинациялық футбол да болды. Жақсы голдар соқтық және біздің қақпамызға соғылған голдар да әділетті деп есептеймін. Бірақ ойыншы ауыстыратын уақыт жеткенде, бәрін өзгертуге тура келді. Содан басталды бәрі. Әрине, 2:0 есебімен жеңіп тұрып, жеңіліп қалғанымыз өкіншті. Көп ойыншыларға айтарлықтай сыным жоқ, бірақ бәзбіреулермен дұрыстап сөйлесу керек. Соны сараптап, алға жылжимыз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или