Қазақстанның тумасы «Локомотивке» ауысуға жақын

Қазақстанның тумасы «Локомотивке» ауысуға жақын

Қазақстанда туып, бірақ бүгінде Әзірбайжан құрамасы мен германиялық «Эрцгебиргеде» ойнайтын Дмитрий Назаров мәскеулік «Локомотивке» ауысуы ықтимал.

Millimiz ақпаратына сүйенсек, «теміржолшылардың» бас бапкері Юрий Семин футболшыны сатып алуға келісім берген.

Назаровтың өзі де Ресей Премьер-лигасында ойнауға қарсы емес. 27 жастағы футболшы бар мансабын Германияның төменгі дивизиондарында өткізген. Биылғы маусымда ол екінші Бундеслигада «Эрцгебирге» сапында 26 матчқа қатысып, 9 гол соққан. Оның жетеуі пенальтиден.

Айта кетейік, Назаров Солтүстік Қазақстан облысындағы Красноармейск (бүгінде Тайынша) қаласында туған. Бірақ бір жасында отбасымен Германияға көшіп кеткен. 2014 жылдан бері Әзірбайжан құрамасында ойнап жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или