UFC 211: Айқастың нәтижесі

UFC 211: Айқастың нәтижесі

Бүгін UFC 211 турнирі аясында октагондағы айқастар өтті.

Эдди Альварес-Дастин Порье. Жекпе-жек нәтижесі жойылды

Жеңіл салмақтағы экс-әлем чемпионы Эдди Альварес Магрегордан ұтылғаннан кейін жеңіспен орала алмады. Порье бірінші раундта басымдық танытты. Екінші бес минуттықта Альварес белсенді болғанмен, Дастин кездесуді өз бақылауында ұстады. Тіпті Дастин ауыр соққыларын жұмсап, жеңіске бір қадам жақын болған еді. Бірақ Альварес тізесімен басына соққы жасап, ережеге сай емес әрекет істегені үшін төреші жекпе-жекті тоқтатып, нәтижесін жойды.

Фрэнки Эдгар-Яир Родригес

Жеңіл салмақтағы экс-әлем чемпионы және жартылай жеңіл салмақтағы  әлем чемпионы титулына үміткер Фрэнки Эдгар мексикалық Яир Родригесті оңай жеңіп кетті. Родригес дене басымдығын дұрыс пайдалана алмады.  Үшінші раунд алдындағы үзіліс кезінде Родригестің сол көзі толықтай жабылып қалып, дәрігер жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат бермеді.

Дэмиан Майя-Хорхе Масвидал

Жартылай орта салмақтағы UFC титулына үміткерлердің бірі бразилиялық Дэмиан Майя төрешілердің шешімімен америкалық Хорхе Масвидалдан басым түсті. Жекпе-жек 29-28, 29-28, 28-29 есебімен бразилиялықтың пайдасына шешілді. Бұл оның қатарынан жетінші жеңісі.

Гаджимурат Антигулов-Йоахим Кристенсен

Ресейлік Гаджимурат Антигулов UFC-дегі екінші кездесуінде даниялық Йоахим Кристенсенмен жұдырықтасқан болатын. Бірінші раундта-ақ Антигулов соққының астына алып, қарсыласының артына шығып, тұншықтыру әдісін қолданды. Кристенсен жерді ұрып, жеңілгенін мойындады.

Еджейчик – Андраде

UFC чемпионы Джоанна Еджейчик титулын бесінші рет қорғап қалды. Бразилиялық Джессика Андраде польшалықтың қарқынына төтеп бере алмады. Айта кетейік, бесінші рет титулын қорғап қалған Джоанна Роузидің рекордына жақындады. Америкалық бес рет белбеуді өзінде қалдырған болатын. 

Төрешілер есебі: 50-45, 50-45, 50-44 

Стипе Миочич - Джуниор дос Сантос

Ауыр салмақтағы UFC чемпионы Стипе Миочич Джуниор дос Сантосты екінші рет жеңіп кетті. Алғашқы жекпе-жектен айырмашылығы сол, бұл кездесу көпке созылмады. Бірінші раундта Миочич бірден алға ұмтылып, ауыр соққыларын дарытуға көшкен. Қарсыласын қуып жүріп сабағаннан кейін төреші бірден жекпе-жекті тоқтатты. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или