«Ақтөбе» ресми түрде Рахаевпен келісім-шартты бұзды

«Ақтөбе» ресми түрде Рахаевпен келісім-шартты бұзды

Бүгін, 13 мамырда «Ақтөбе» футбол клубы мен команданың бас бапкері Игорь Рахаев арасындағы еңбек шарты ресми түрде бұзылды. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі хабарлады.

«Сонымен қатар, шегінбелі ақша мен өтемақының клуб тарапынан өтелмеуіне қос тарап та келіскенін айта кетуіміз керек. «Ақтөбе» ФК Игорь Владимировичке қызметі үшін алғыс айтады және әрі қарайғы мансабына сәттілік тілейді», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын украиналық маманның «Ақтөбеден» кеткені туралы ақпарат  тараған болатын. Батысқазақстандық ұжым ел чемпионатының бірінші айналымынан соң турнир кестесінде 11-ші орында келеді. Команда төменгі лигаға түсу аймағында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или