Неймар «Барселонадан» кеткісі келетіндігін ашық айтуда
«Барселонаның» шабуылшысы Неймар клуб басшылығына сес көрсетті. Футболшы каталониялық командадан Хуан Карлос Унсуэнің кетуін талап етуде.
Бұл жайлы Mundo Deportivo басылымы жариялады.
«Егер Унсуэ «Барселонада» қалса, мен командадан кетемін», — деді Неймар.
Басылымның айтуынша, Унсуэ мен Неймар арасындағы жанжал команданың жаттығуында басталған. Унсуэ Неймарға ескерту жасаған, ал Неймар оның сөздерін басынан асыры алмай, жаттығу үстінде екеуі ерегесіп қалған. Кейін бапкер футболшының алаңның сыртындағы қылығына сын айтқан.

Унсуэ «Барселона» клубының бас жаттықтырушысы Луис Энрикенің көмекшісі қызметін атқарады.
25 жастағы бразииялық каталониялық клубқа 2013 жылы келген. Бейресми дереккөздің мәліметінше, наурыз айында Неймар лондондық «Челси» клубына ауыспақ болған. Алайда «ақсүйектердің» бас бапкері Антонио Конте ол трансферге келісімін бермеген.