Ляказетт: Бірінші матчта мен ойнасам, басқа нәтиже болар еді
«Лионның» шабуылшысы Александр Ляказетт Еуропа лигасының жартылай финалындағы «Аякспен» (3:1) өткен кездесу туралы айып берді.
- Финалға шығуға жақын болдық, бірақ қорғаныста әлсіз ойнап, шабуылда өз мүмкіндіктерімізді пайдаланбадық. Бірінші ойында мен ойнасам, бәлкім басқа нәтиже болар еді. Сол ірі жеңілістің кесірінен финалға шыға алмадық, - деді Ляказетт ВВС арнасына.
Естеріңізге сала кетсек, голландиялық клуб бірінші матчта 4:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Қос ойынның қорытындысы бойынша (4:3) «Аякс» ақтық кездесуге жолдама алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или