Маррей үшін Мадридтегі турнир аяқталды
Әлемнің бірінші ракеткасы Энди Маррей «Мастерс-1000» сериясына кіретін Мадридтегі теннис турнирінің үшінші айналымынан аса алмады.
Оның жолын кескен хорват теннисшісі Борна Чорич болатын. Екі сетке созылған ойын 3:6, 3:6 есебімен аяқталды. Кездесу 1 сағат 25 минутқа созылды.
Борна Чоричтің келесі қарсыласы австриялық Домини Тим. Ол өз кезегінде болгариялық Григор Димитровты жарыс жолынан шығарған болатын
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или