Prosports.kz Еуропа лигасының жартылай финалдық ойындарының тікелей трансляциясын ұсынады.
«Манчестер Юнайтед» - «Сельта»
Бірінші кездесу: 1:0



Жозе Моуринью МЮ бас бапкері:
«Кез келген клуб үшін жүлденің маңызы жоғары. Финалға шығу да үлкен жетістік. Біздің команда бұл турнирде ешқашан топ жармаған. Сондықтан барымызды саламыз. Еуропа лигасында он төрт ойын артта қалды. Турнирдің жеңімпазы болу үшін аянып қалмаймыз».
Эдуардо Бериццо «Сельта» бас бапкері:
«Менің ойымша МЮ бүгін де жеңіске жету үшін жасыл алаңға шығады. Бұл біз үшін үлкен сынақ. Мю қысымнан қорқпайтын команда. Алайда біз өз ойнымызға көңіл бөліп, қолымыздан келгенде жасауымыз керек».
«Лион» - «Аякс»
Бірінші ойын: 1:4




«Лион» бапкері Брюно Женезьо:<br />«Біздің бірінші кездесуден соң ұнжұрғамыз түсіп кеткені рас. Алайда бұл теке тірестің жартысы ғана. Біз бір бірімізбен көп ақылдастық. Енді соның бәрін алаңда көрсетуіміз керек. Расымен біз өзімізге сенеміз».
«Аякс» бапкері Петер Бош:<br />«Өзіміздің гол салғанымз жөн бе әлде қақпамызға гол жібермеген дұрыс па деп таңдап жатқым келмейді. Біздің міндет гол да соғу, қақпамызға гол да жібермеу. Біздің команда жас екені рас. Алайда бұл біздің маусымдағы еурокубоктерде өткізгелі отырған он сегізінші ойынымыз. Қарсы команданың жанкүйерлерінің қысымымен де күресуіміз керек».