Димитар Димитров: Өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық

Димитар Димитров: Өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық

Павлодарлық «Ертістің» бас бапкері Димитар Димитров «Қайратпен» өткен ойын жайлы пікірін білдірді. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

- Бір айтарым, «Қайрат» заңды түрде жеңіске жетті. Қарсыластар жекелей кәсіби шеберліктерінің арқасында ұтып кетті. Мүмкін, біздің ойыншылар негізгі құрамда ойнап шаршаңқырап қалған болар, себебі, қосалқы құрамымыз біз ойлағандай ұзын емес. Екінші таймда біздің командада басымдылық болды, бірақ, мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. «Қайрат» заңды түрде жарысты жалғастыруда.

- Айтулы матчта неге Давид Лория болмады?

- Біз чемпионат басында кубоктық ойындарда екінші қақпашы өнер көрсетеді деп шешкен болатынбыз. Өткен жолы «Қайсармен» де солай болған, бүгін де солай.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или