Кахабер Цхададзе: Футболшыларға көңілім толады
«Қайраттың» бас бапкері «Ертіске» қарсы ойын жайлы пікірін айтты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.
- Жігіттерді жартылай финалға өтуімен құттықтаймын. Бұл өте маңызды нәтиже, кубоктық ойындар қашан да ерекше болады. Күреске толы өтіп, жүйке сыр берген сәттер туындады, бірақ мұнда кімнің мінезі мықты, сол жеңеді.
Ойынға келер болсақ, «Қайраттың» деңгейін білесіздер. Бізде кадрлық қиындықтар бар болғанына қарамастан, жаңа орталық қорғаушыларды табуға тура келіп жатыр. Исламбекке үлкен алғыс айтқым келеді, күндіз Сесар Арзо жарақат алып, Қуатты орталық қорғаныста қоюға тура келді. Ол ешқандай сұрақ қойған жоқ, бар нәрсені матчқа дейін түсіндіруге тырыстық және Елдос екеуінің қолынан келді. Қорғаныс шебі өте тамаша ойнады, жалпы, футболшыларға көңілім толады.
- Бауыржан қанша уақытқа кетті?
- Әзірше білмейміз, иығы жарақаттанды. Ертең дәрігер тексерген соң, айтады. Қазір қанша уақытқа кеткенін дәл басып айта алмаймыз, бірақ аз уақытқа емес екені анық.
- Жарақат алғандар туралы өз болжамыңыз бар ма?
- Дәрігер болсам, қуана айтар едім (күліп). Кей ойыншылар келесі ойынға дейін оралады. Арзо мен Элек сол ойынға қатысады деп үміттенеміз, қуанатынымыз сол. Жақын арада Жарко да қатарға қосылмақ. Жақында бәрі қалпына келіп, жарақаттар бітеді деп үміттенеміз.