«Қайрат» үшінші Академиясын ашты

«Қайрат» үшінші Академиясын ашты

«Қайрат» футбол клубы Евстафий Пехлеванидидің атымен аталатын Академияның ресми тұсаукесерін өткізді. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Бүгін күндіз Алматыда «Қайрат» футбол клубының жаңа спорттық нысаныЕвстафий Пехлеваниди Академиясы салтанатты түрде ашылды. Жергілікті уқытпен сағат 12:00-де жаңа нысанның ресми тұсаукесері өтті. Шарада көрермендер, клуб тәрбиеленушілері мен баспасөз өкілдерінің алдында Алматы қаласы дене шынықтыру басқармасының жетекшісі Әбіл Донбаев, «Қайрат» ФК бақылау кеңесінің төрағасы Мәлік Күшәлиев пен клубтың құрметті ардагері Евстафий Пехлеваниди сөз сөйледі.

Айта кетерлік жайт, ашылу салтанатына белгілі боксшы әрі WBA және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Денис Лебедев, Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілдә Байшақов, клуб академиясының қызметкерлері мен тәрбиеленушілері қатысты.

Ашылу салтанатынан кейін «Қайрат» футбол клубының ардагерлері мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының «Алатау» командасы арасында жолдастық кездесу өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или