«Ордабасы» мен «Шахтер» ел кубогының жартылай финалына шықты

«Ордабасы» мен «Шахтер» ел кубогының жартылай финалына шықты

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының 1/4 финалдық кездесулері өтті.

Шымкенттік «Ордабасы» сырт алаңда талдықорғандық «Жетісумен» кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесудегі жалғыз голды Бейсенов соқты.

Естеріңізге сала кетсек, бұның алдында талдықорғандық ұжым ел чемпионы «Астананы» жарыс жолынан шығарған болатын.  

«Жетісу» - «Ордабасы» 0:1

Гол: Бейсенов 64

Көкшетаулық «Оқжетпес» болса керекулік «Шахтерден» айласын асыра алмады. Қарағандылық команда қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті. «Кеншілер» сапында Кадио мен Станоевич гол соқса, «Оқжетпесте» Шафф көзге түсті.

«Оқжетпес» - «Шахтер» 1:2

Голдар: Шафф 74 – Кадио 50, Станоевич 54   

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или