ФИФА Поль Погбаның трансфері бойынша тергеу жұмыстарын бастады
ФИФА ұйымы «Манчестер Юнайтед» клубының жартылай қорғаушысы Поль Погбаның үстінен іс қозғады.

Футболшының туриндік «Ювентус» клубынан манкуниандық командаға ауысу кезінде бірнеше трансфер шарттары бұзылған. Айта кететін жайт, франциялық жұлдыздың трансфері 89 миллион еурон құраған еді. Алайда тергеу органдарының айтуынша, бұл қаржы жасырын көрсетілген. Бұл істің басты фигуранты болып Погбаның агенті Мино Райола саналуда.

Қазіргі таңда Мино Райола аталмыш мәселені жоққа шығару үшін ФИФА-ға сәйкес құжаттарды жіберіп, БАҚ өкілдері мен ФИФА ұйымының құзырлы органдарына түсініктеме беруде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или