«Ақтөбенің» тізгінін ұстауы мүмкін екі кандидат бар
«Ақтөбе» футбол клубының тізгінін ұстауы мүмкін бапкерлер белгілі болды.
Кеше отандық БАҚ «Ақтөбенің» бас бапкері<span> </span>Игорь Рахаевтың жұмыстан босағаны туралы<span> </span>ақпарат таратқан болатын. Бірақ клуб әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Енді Рахаевтың орнын басуы мүмкін екі бапкер аталды. Оның бірі – ресейлік 36 жастағы Владимир Газзаев. Ол 2014-2015 жылдары «Ақтөбенің» тізгінін ұстап, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері әрі Қазақстан кубогының финалисі атанған.
Сонымен қатар, БАҚ өкілдері екінші кандидат ретінде Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Талғат Байсуфиновты атады. Ол Қазақстанда «Есіл-Богатырь», «Ақсу», «Ертіс» және «Ақжайық» клубтарын баптады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или