«Қайрат» Жеңіс күнімен құттықтады

«Қайрат» Жеңіс күнімен құттықтады

«Қайрат» футбол клубы қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.

«Осыдан тура 72 жыл бұрын бүкіл әлем ұлтшылдықты тізерлетіп, Ұлы жеңіс күнін тойлады. 1945 жылы 9 мамырда, мәскеулік уақытпен тағы 6-да Юрий Левитан еліміздегі барша дауыс зорайтқышпен фашистік Германияның жеңілгенін хабарлады. Қала көшелері түнге дейін қуаныштан күлген және жылаған адамдарға толы болды.<span> </span><br /><br /> Жыл сайын барлық қалаларда Ұлы жеңіске арналған парадтар өтеді. Бұл күні майдангерлер, еңбек майданының ардагерлері кездесіп, ескерткіштерге гүл қояды. Біз Ұлы Отан соғысында шайқасып, өз өмірін қиғандардың ғана емес, Ұлы жеңіске тылда жүріп үлес қосқандардың да ерлігі мен қаһармандығын ұмытпаймыз

«Қайрат» ФК ұжымы ардагерлер мен барша қазақстандықтарды осындай жарқын мерекемен құттықтайды! Баршаңызға ашық аспан, әр отбасыға бақыт пен ұзақ ғұмыр тілейміз!», – деп жазылған клубтың ресми сайтында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или