Алматы студенттері жеңіл атлетикадан додаға түседі

Алматы студенттері жеңіл атлетикадан додаға түседі

Мамырдың 10-ы күні, «Спорттық Алматы» жобасы аясында алып шаһарда жеңіл атлетикадан жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында жарыс өтеді.

Спорттық шара Абай көшесінде орналасқан «Арена спорт» спорт кешенінде ұлдар мен қыздар арасында жеңілдетілген төрешілер ережелері бойынша өтеді. Қатысушылар 4-ке 100 шақырымға арналған эстафетасында бақ сынап, 100, 200, 400, 800 шақырым жерді жүгіретін болады.

Спорттық шараның басты мақсаты мегаполисте спорттың маңызын арттыру, ЖОО студенттері арасында үздік ұжымды таңдау, жастар бірлігін нығайту, қатысушылардың спорттық шеберліктерін арттыру, үздіктерді іріктеу, сондай-ақ, осы спорт түрін ел арасында таныту.

Доданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар мен медальдермен марапатталады. Айта кетсек, шара Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылады.

«Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы спорттың дамуына, белсенді спорттық тынығуды насихаттауға бағытталған. Осы бағдарлама аясында ЖОО студенттері арасында баскетболдан, бадминтоннан, шахматтан, шашкадан және тоғызқұмалақтан жарыстар өткізілген.

80549408c4d8b35f18fca73eab70df9c.jpg

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или