Неймар жаттығу кезінде бапкермен сөзге келіп қалды

Неймар жаттығу кезінде бапкермен сөзге келіп қалды

«Барселона» клубының жаттығуы кезінде Неймар мен команда бапкері Хуан Карлос Унсуэ екеуі сөзге келіп қалған, деп хабарлайды испаниялық БАҚ.

Луис Энрикенің көмекшісі Неймарға жаттығуға жақсылып көңіл бөлмедің деп ескерту жасаған. Алайда бразилиялық ойыншы ескертуға құлақ аспай, қарсы шыққан. <br />Екеуі де дауыс көтеріп, әңгіме соңы жанжалға ұласқан. Унсуэ Неймардың футболдан тыс өмірін сынға алып, спорттық мансабына жақсылап көңіл бөлуге кеңес берген.

Естеріңізге салсақ, Хуан Карлос Унсуэ «Барселонаның» жаңа бапкеріне басты кандидаттардың бірі. Қазіргі бапкер Луис Энрике маусым соңында командадан кететінін біраз уақыт бұрын ресми түрде айтқан болатын.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или