Агент: Верратти ПСЖ клубында қалады
ПСЖ клубының жартылай қорғаушысы Марко Верраттиге Еуропадаға топ клубтардың біразы қызығушылық танытып отыр.
Өзінің болашағы жөнінде Марко клуб басшылығымен кездесті деген де сыбыс тараған болатын. Алайда, ойыншының агенті Донато Ди Кампли Марко Верраттидің ПСЖ клубында келісімі аяқталғанша қалатындығын айтты. <br /><br />«Марко Верратти ПСЖ клубында қалады. Ол Парижде бақытты. Оның клубпен келісім-шарты 2021-ші жылға дейін. ПСЖ клубының қалауына да құрметпен қарауымыз керек. Клубта оны барлығы жақсы көреді. Біздің клуб басшылығымен кездескеніміз рас. Алайда әңгіме клубтың болашақтағы жоспары жайлы ғана болды. Клуб болашақта Чемпиондар лигасында жеңіске жеткісі келеді» - дейді ойыншының агенті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или