«Реал» 16 жасар бразилиялық үшін 67 миллион еуро ұсынды
Мадридттік «Реал» клубы «Фламенго» клубының жас ойыншысы Винисиус Жуниорға көз салды.
Бұл жайлы Globo.com сайты мәлімдеді. Дереккөздің айтуынша, трансфер құны 67 миллион еуроны құрамақ. Жас талантқа «патшалық» клубтан бөлек каталониялық «Барселона» да қызығуда. Олар Жуниор үшін 25 миллион еуро ұсынған. Алайда, футболшы «Реалды» таңдаған сынды.
Айта кететін жайт, Винисиус кәмелеттік жасқа толғанда ғана «Реалға» ауыспады. Нақтырақ айтсақ, футболшының трансфері 2018 жылдың жаз айында жүзеге асырылмақ.
Винисиус Жуниор — «Фламенго» клубының түлегі. U-17 Бразилия құрамасымен бірге Оңтүстік Америка чемпионы атанды. Ұлттық құрама сапында 22 ойын өткізіп, 19 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или