Дик Адвокат Нидерланды құрамасының тізгінін ұстайды
Нидерланды құрамасы тізгінін 69 жасар маман Дик Адвокат ұстауы мүмкін.
Оның стамбулдық «Фенербахче» командасымен келісім-шарты осы жылдың жазында аяқталады. Бұл ақпаратты бапкердің агенті Роб Янсен де растап отыр. Роб Янсеннің сөзіне сенсек екі жақ келісімге осы аптада қол қояды.
Дереккөздің мәліметінші Дик Адвокаттың көмекшілердің бірі болып Рууд Гуллит тағайындалады.
Дик Адвокат Нидерланды құрамасының тізгінін бұған дейін де ұстаған. Ол 1992-1994 және 2002-2004 жылдар аралығында «қызғалдақты елдің» бас бапкері болған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или