Леонид Слуцкий «Челсиді» жаттықтырмақ

Леонид Слуцкий «Челсиді» жаттықтырмақ

Лондондық «Челсидің» бас бапкері Антонио Контенің орнына бұрынғы Ресей құрамасының және мәскеулік ЦСКА командасының бас жаттықтырушысы Леонид Слуцкий келеді, деп хабарлайды Daily Express.

Британиялық басылымның хабарлауы бойынша, Антонио Контені «Барселона» шақырып отыр. Бұл туралы каталониялық команданың вице-президенті Хорди Местре  айтқан. Сондай-ақ, Контеге миландық «Интер» де қызығушылық танытқан.

Конте орнын босатқан жағдайда Леонид Слуцкий «Челсиді» жаттықтырады. ЦСКА клубынан кеткеннен кейін, ресейлік «Челсидің» ойындарына баруды жиілеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или