«Қайрат» Дмитрий Аленичевті бас жаттықтырушылыққа шақырды

«Қайрат» Дмитрий Аленичевті бас жаттықтырушылыққа шақырды

«Спорт-Экспресс» басылымының хабарлауынша, аталматылық «Қайрат» клубы  Дмитрий Аленичевті бас жаттықтырушылыққа шақыруға ниет білдіріп отыр.

Ел чемпионатының басты фавориті саналған алматылық команда осы маусымда ұпай жоғалтуын тоқтатар емес. Ал соңғы кездесуде «Қайрат» командасы «Атыраудан» 1:2 есебімен жеңіліп, «Мұнайшы» алаңының сапасын сылтауратқан еді. Алматылық ұжым қазіргі таңда ҚПЛ-ның 4-ші орынында келе жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін грузиялық маман Кахабер Цхададзе «Қайрат» клубындағы қызметінен босатылды деген бейресми ақпарат тараған еді.

Естеріңізге салайық, Дмитрий  Аленичев тулалық «Арсенал», мәскеулік «Спартак» клубтарында жұмыс атқарған білікті маман.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или