«Барселонаның» жаңа бас бапкерінің есімі жақында белгілі болмақ
«Барселона» қазіргі бас жаттықтырушы Луис Энрикені алмастыратын бапкер тапты,<span> </span>—<span> </span>деп хабарлайды футбол клубының вице—президенті Хорди Местре<span> </span>TV3-ке берген сұхбатында.
Оның айтуынша, маусым біткенше оның есімі еш жерде аталмайтын болады.
Естеріңізге сала кетсек, Энрикенің өзі де осы маусымнан кейін командадан кететінін мәлімдеген болатын. Испаниялық БАҚ Оскар Гарсия, Маурисио Почеттино, Рональд Куман, Джованни ван Бронкхорст сияқты белгілі тұлғалардың бапкерлікке келетінін жазған.
Местре сондай-ақ, Лионель Мессидің келісім-шартын ұзарту соңына жетіп қалғанын, бірнеше аптадан кейін жарияланатынын тілге тиек еткен-ді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или