Ғафуржан Сүйімбаев: «Мұнайшы» стадионының алаңы өте нашар жағдайда
«Қайраттың» қапталдағы қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев «Атырауға» қарсы ойын жайлы пікірін айтты.
«Расымен де, ауыр матч болды. «Мұнайшы» стадионының алаңы өте нашар жағдайда екенін өздеріңіз де білесіздер, ал «Атырау» сол жерде ойнап үйренген, бұл олардың басымдығы болды. Алайда соған қарамастан, біз шабуылдап, өз мінезімізді көрсетуге тырыстық. Матчтың соңына таман көп шабуылдады, Бауыржан әдемі гол соқты, оны құттықтаймын. Енді ең маңыздысы тезірек айығып, келесі ойынға дайындалу қажет. Біз өз күшімізге сенеміз және қалай ойнай алатынымызды білеміз. Жанкүйерлерден бізге сенуді сұраймыз, бізге олардың қолдауы керек», - деді клубтың баспасөз-қызметіне.
Естеріңізге сала кетсек, кеше «Қайрат» ел чемпионатының 11-турында «Атырауға» қонаққа барып, жеңіліп қалған болатын. 11-тур матчтарына бейнешолуды мына сілтемеден қарай аласыздар.