«Мұнайшылар» «Қайратты» тізе бүктірді

«Мұнайшылар» «Қайратты» тізе бүктірді

Атыраудағы «Мұнайшы» стадионында футболдан ел Премьер-лигасының бірінші айналымы аяқталды.

Жергілікті «Атырау» өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдаған. «Мұнайшылар» күтпеген жерден «Халық командасын» жеңіп кетті.

26-минутта бұрыштан әуелеген допты Ян Вороговский өз қақпасына соғып алған. Командалар үзіліске осы есеппен кетті.

Ал екінші таймда атыраулықтар «Қайрат» қақпасына екінші голын соқты. Бұл жолы <span>Владимир</span> Двалишвили қанжығасын майлады. Ал ойын аяқталар тұста алматылықтар есеп айырмасын қысқарта алды. Көзге түскен - Бауыржан Тұрысбек. 

Қорытынды есеп – 2:1, «мұнайшылар» маңызды жеңіске қол жеткізді.

Осы матчан соң «Атырау» 9 ұпаймен тоғызыншы сатыға көтерілді. Ал «Қайрат» болса, 19 ұпаймен төртінші орында қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или