«Оқжетпес» қонақта «Таразды» ұтты

«Оқжетпес» қонақта «Таразды» ұтты

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 11-турында көкшетаулық «Оқжетпес» «Таразға» қонаққа барды.

Матчтың 26-минутында Берік Шаихов екінші сары қағазын алып, «Оқжетпесті» он ойыншымен қалдырды. Бірақ бұл көкшетаулықтарды тоқтатқан жоқ. Бірінші таймның аяғында Тимур Досмағамбетов гол соқты.

Бұл матчтағы жалғыз гол болатын. Қонақтар 1:0 есебімен жеңді.

Осы жеңістен соң «Оқжетпес» 11 ұпаймен 8-ші сатыға көтерілді. Ал «Тараз» болса, 7 ұпаймен 10-шы орынға төмендеді.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или