«Қайсарды» пенальти құтқарып қалды
Футболдан ел біріншілігінің 11-турында қызылордалық «Қайсар» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдады.
Ойын қызылордалықтар үшін сәтті басталған. Үзіліске дейін Владимир Аржанов қос гол соғып, алаң иелері жеңіске жақын көрінген.
Алайда екінші таймның басында ақтөбеліктер таразы басын теңестіре алды. Алдымен, Жуниор есеп айырмасын қысқартып тастады. Артынша ойынға тыңнан қосылған Игорь Зенькович алыстан жойқын соққы бағыттап, допты қақпада тулатты.
Ойын осы есеппен аяқталуға жақын еді. Алайда матчтың 90-минутында ақтөбелік қорғаушы Папа Гуйе өз айып алаңында ереже бұзып, төреші пенальти белгіледі. Нүктеге келген Мақсат Байжанов мүлт кетпеді – 3:2.
Осы жеңістің арқасында «Қайсар» 15 ұпай еншіледі. Ал «Ақтөбе» 6 ұпаймен қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или