«БИІК-Қазығұрт» - Қазақстан кубогының иегері

«БИІК-Қазығұрт» - Қазақстан кубогының иегері

Шымкентте БИІК футбол клубы әйелдер арасындағы Қазақстан кубогын жеңіп алды.

Кубоктың финалында Калоян Петков шәкірттері алматылық «СШВСМ-Барыс» клубымен кездескен. Ойын еліміздің қазіргі чемпиондарының пайдасына 6:0 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, 26 мамырда футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының алғашқы айналымы басталады. БИІК алғашқы матчын 7 маусымда «СШВСМ-Барысқа» қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или