Бэйл «Реалдан» кетіп, МЮ-ге ауысуы мүмкін
«Реалдың» жартылай қорғаушысы Гарет Бэйл жазғы трансфер уақытында мадридтік клубтан кетуі мүмкін. Уэльстік ойыншыны «Манчестер Юнайтед» сатып алмақ. Бұл туралы Sky<span> </span>Sports хабарлады.
Футболшының трансферлік құны – 90 млн еуро. 27 жастағы ойыншы мен «Корольлік клубтың» арасындағы келісім-шарт 2022 жылдың жазына дейін жасалған.
Биылғы маусымда Бэйл «Реал» сапында Испания чемпионатының 19 матчына қатысып, жеті гол мен екі нәтижелі пастың авторы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или