Манеза мен Чиншанло 2, ал Подобедова 8 жылға спорттан шеттетілді

Манеза мен Чиншанло 2, ал Подобедова 8 жылға спорттан шеттетілді

Халықаралық ауыр атлетика Федерациясы допингте ұсталған қазақстандық спортшыларға қатысты ресми шешім шығарды.

«Арнайы тәртіп бақылау комиссиясының шешімі бойынша, Майя Манеза мен Зульфия Чиншанло екі, ал Светлана Подобедова сегіз жылға спорттан шеттетілді. Дисквалификация допингте ұсталған мерзімнен (16 мамыр, 2016 жыл) басталады», - делінген Қазақстан ауыр атлетика Федерациясының ресми сайтында.

Естеріңізге сала кетсек, Манеза, Чиншанло және Подобедова допинг дауына байланысты Лондон Олимпиадасындағы жүлделерінен айырылған болатын.   

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или